8 қаңтарда «Хабар» арнасында «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі

8 қаңтар күні «Хабар» арнасында ҚР Тұңғыш Президенті туралы «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тwitter парақшасында жазды: «Хабар арнасында 8 қаңтарда сағат 21:45-те «Штрихи к портрету» деректі фильмінің жалғасы көрсетіледі. Фильмнің үшінші сериясында саясатқа қатысты сұрақ аз болады. Көбіне Елбасының жеке басына қатысты және бұрын белгісіз болып келген дүниелер айтылады».

Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінің YouTube арнасында «Штрихи к портрету» деректі фильмінің 1 және 2-сериясы өткен айда жарияланған еді.