Асқар Мамин Парламент сайлауында дауыс берді

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда дауыс берді.

Дауыс беру Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана» концерт залының ғимаратында орналасқан №138 сайлау учаскесінде өтті.

ҚР премьер-министрі сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық борышын орындауға келді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.