Украиналық сарапшы: Қазақстандық партиялар заң шеңберінде әрекет ететінін көрсетті

Қазақстанда әділ әрі шынайы сайлау өткізу үшін барлық жағдай жасалған, деп хабарлады «Хабар 24».

Дауыс беру күні де, тыныштық күні де заң талаптарына сай өтіп жатыр. Украинадан келген байқаушылар осындай пікір білдірді. Олардың айтуынша, тыныштық күні партиялардың насихаты сап тыйылып, барлық жарнамалық плакаттар алынып тасталды. «Осы тұрғыдан алғанда қазақстандық партиялардың заң шеңберінде әрекет ететінін көрсетті», – дейді украиналық байқаушылар.

Евгений Шевченко, халықаралық байқаушы (Украина):

– Украинада тыныштық күні де кей жерлерде насихат жарнамалардың алынбағанын жиі байқаймыз. Ал мұнда бұл қатаң бақыланды және сақталды. Сайлауға келіп жатқан халық та заң аясында өз таңдауын жасап жатыр. Бұл қазақстандықтардың, партия өкілдерінің өзгеге құрметпен қарап, саналы түрде әділ әрекет ететінін көрсетті. Осы жағынан біздің үйренеріміз көп екен.