Әмірхан Рахымжанов Тұңғыш Президент кітапханасының директоры қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Әмірхан Мұратбекұлы Рахымжанов «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.