426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сенаторлар сайлау туралы Конституциялық заңның жобасын қарады

  • 223
  • UPD: 17:43, 17.05.2021
Сенаторлар сайлау туралы Конституциялық заңның жобасын қарады

Владимир Волковтың төрағалығымен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырыс барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын қарады.

Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатымен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлау жүйесін енгізу үшін әзірленіп жатыр.

Сондай-ақ құжатта саяси партиялардың сайлау кезіндегі өту шегін төмендету көзделген. Бұл саяси бәсекелестікті арттыру үшін қажет. Соған сәйкес саяси партияларға депутаттық корпустан орын алу үшін сайлаушылардың 5 процент даусын жинаса жеткілікті болмақ. Одан бөлек, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу қосылады.

Комитеттеің кеңейтілген отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарады.

Заң жобасының негізгі міндеттері жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайту, жергілікті халықтың өз конституциялық құқықтарын пайдалану кезіндегі белсенділігін арттыру және саяси партиялардың рөлі мен жауапкершілігін күшейту болып табылады. Одан бөлек, құжатта ауыл әкімін сайлау, оның құзіретін тоқтату, саяси партиялардың ауыл әкімдігіне кандидаттарды шығару тәртібіне және тағы басқа мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Заң жобалары Палатаның қарауына жолданды.

Ақпарат көзі: Сенаттың баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы