Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Сербия, Швеция, Бразилия мен Чилидегі елшілер тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы лауазымынан босатылды.