Ауыл әкімдерінің сайлауы. Сарапшы Айдос Сарым

Қызметіне немкетті қарайтын әкімді орнынан қалай алып тастауға болады? Шалғайда тұратын біраз жұртты осы сауал толғандырса керек. Әлгінде сенімсіздік вотумы бар дедік. Сол бойынша ауыл басқарып отырған ақжағалыны қызметінен кетіре аласыз. Одан басқа қандай жолдары бар? 

- Халықтың ауыл әкімін өзі сайлауы жергілікті өзін өзі басқару жүйесіне нендей өзгерістер әкелмек? Ауыз толтырып айтарлықтай өзгеріс болады деп айтуға келе ме?

- Тап қазір қызметте жүрген әкім ауыл халқының көңілінен шықпаса, оны орнынан қалай алып тастауға болады? Өкілеттік мерзімін күту керек пе әлде басқалай жолдары бар ма? 

- Сенімсіздік вотумы деген жаңашылдық енгізілді емес пе? Жұмысына салғырт қарайтын ауыл басшысын кетіру үшін ауыл халқының қанша проценті қол жинауы тиіс? Рушылдық бар елді мекендерде осыдан әкімдер жиі ауысып отырмай ма?

- Егер екі кандидат бірдей дауыс жинаса, онда келесі сайлау науқанына осы екі үміткерден басқа өзгелер де қатыса ма? Жоқ әлде екеу ара бақ сынай ма?