"Nur Otan" партиясының қатары толықты

Тұңғыш Президент күні қарсаңында мыңнан астам қазақстандық "Nur Otan" партиясының қатарына қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оларға елордада салтанатты түрде партиялық билеттері табысталды. Саяси бірлестік түрлі қызмет салаларындағы белсенді және талантты азаматтармен толықты. Арасында қостанайлық дәрігер -рентгенхирург Болат Қанапин, "Астана Опера" опера труппасының директоры Азамат Жылтыркөзов, әнші Әйгерім Рақыш, Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығының директоры Шымкенттен келген Дана Нұранова сынды азаматтар да бар. Әріптесіміз Қымбат Хангелдина да бүгін партия билетін алды.

Қымбат Хангелдина, "Хабар" Агенттігі" АҚ Алматыдағы филиал директоры:

– Тарих ауқымында 30 жыл-бұл бір қадам. Мен осы жолдан өтудің қаншалықты қиын болғанын білемін. Бірақ әлемде болып жатқан өзгерістерге қарап, алдағы уақытта да оңай болмайтынын айтуға болады. "Nur Otan" партиясының бағдарламасы өзекті түйткілдерді шешуге бағытталған. Осындай мықты саяси бірлестік Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды.