Көшербаевтың қатысуымен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы ішкі жалпы өнімді арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, транзит көлемін көбейтуге ықпал етіп, жаһандық экономикалық дағдарыстың әсерін азайтуға септігін тигізді.

Дегенмен, мемлекеттік органдар барлық нәтижеге қол жеткізбеген. Бұдан бөлек қаржылық құқық бұзушылықтар мен бюджет қаражатының тиімсіз жоспарланғаны анықталды. Бұл мәселе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында қаралды. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен жиында аталған олқылықтарға алдағы уақытта жол бермеуге қатысты нақты ұсыныстар айтылды. Орта және жоғары білім беруге бөлінетін қаржыға қатысты да проблемалар бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қаржылық мониторинг агенттіктері 250 қылмыстық құқық бұзу дерегін анықтаған. Кемшіліктерді жою үшін білім және ғылым министрлігі мен әкімдерге қатысты қатаң шара қабылдау тапсырылды.