Түркияның Есірткіге және ҰҚ қарсы күрес жөніндегі академиясымен бірлескен семинар өтті

Азия Кеңесін толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру - Қазақстанның басты стратегиялық мақсаты.

Кеңеске былтырдан бері төрағалық етуші мемлекетімізге артылған жауапкершілік жүгі мол. Мұны төрағалық ету мерзімінің 2024 жылға дейін ұзарту жоспарына да қарап аңғаруға болады. Бүгін елордада Кеңестің жаңа штаб-пәтерінде Түркияның Есірткіге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық академиясымен бірлесе семинар өтті. Оқу курсы контрабанда қылмыстарының алдын алуға бағытталған. Айта кеткен жөн, қауіпсіздік, экономикалық, экологиялық, адами және әскери салаларда жұмыс істейтін Азия кеңесіне 27 мемлекет мүше. Келер жылы 30 жылдығы атап өтіледі.

Қайрат Сарыбай, Азия кеңесінің атқарушы директоры:

- Осы мерейтойға ең үлкен тартуымыз неғұрлым көбірек шара өткізсек, соғұрлым мүше мемлекеттер арасындағы сенім нығаяды. Сенім нығайса, ынтымақтастыққа жол ашылады. Сөйтіп, ынтымақтастық ашылған жерде ол жерде қауіпсіздік орнайды деген мақсат.

Уфук Экиджи, Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Бүгін Түркиядан 3 маман келді. Олардың негізгі мақсаты қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасу. Семинарға көптеген елдің өкілдері онлайн форматта да қатысты. Түркия үшін Қазақстанмен салааралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту аса маңызды.