Орталық Азияда органикалық ауыл шаруашылығын дамыту қолға алынды

2025 жылға қарай Орталық Азияда органикалық ауыл шаруашылығы ауданы 760 мың гектардан асады. Осы аймақ елдерінің өкілдері экологиялық таза өнім шығару бойынша өз мүмкіндіктерін ұсынды.

Бұл шара Шанхай ынтымақтастығы ұйымының хатшылығында өтті. Оған Қытай кәсіпорындары мен халықаралық экономикалық ынтымақтастықпен айналысатын мекемелердің өкілдері қатысып, ауыл шаруашылығындағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Хэ Чжэнвэй, Шетелде әсіпорындар дамыту қауымдастығының президенті:

– Ғарышта болған тұқымдарды пайдаланып, өнімділігін арттыруға болады. Мұндай тұқымдар суық пен түрлі ауруға төзімді келеді. Ауыл тұрғындарының табысын өсіру үшін осы технологияларды Қазақстанда қолдануға болады. Сондай-ақ АҚШ пен Австралиядан импорттың шектелгенін пайдаланып, Орталық Азия елдері Қытайға азық-түлік экспортын арттыра алады.