«Арселормиттал Теміртау» қауіпсіздік талаптарын сақтамаған – Үкімет басшысы

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорыны биылдың өзінде 2 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзған, деп хабарлайды Хабар 24.

32 қауіпті өндірістік нысанды тексеру барысында тиісті олқылықтар анықталды. Салдарынан заңды тұлғаға 19 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сенаторлардың депутаттық сауалына Премьер-Министр осылай деп жауап берді. Асқар Мамин кәсіпорынға қарасты 34 өндірістік нысан мен техникалық қондырғылардың қолданысын тоқтату жөнінде сотқа 11 талап-арыз жолданғанын жеткізді.