Еуропарламент асығыстық жасады – А. Шәкіров

Еуропарламент Қазақстанға қатысты резолюция қабылдау кезінде асығыс шешім шығарды. Парламенттің қос палатасының депутаттары осындай пікір білдіріп, қарардың мазмұнымен келіспейтіндерін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Асқар Шәкіров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

– Бұл құжатты әзірлеушілер жалған ақпаратқа сүйенген. 10 қаңтарда біздің парламент еуропарламенттің адам құқытары жөніндегі және сыртқы істер бойынша комитеттеріне, саяси топтардың басшыларына елде болған жағдай толық баяндалған хат жіберген болатын. Бұған қоса, Сыртқы істер министрлігі Еуроодақтың лауазымды тұлғаларымен кездесіп, нақты ақпарат берді. Алайда еуропарламент бұл дүниелердің бәрін ескермей отыр. Бұған дейін елімізге парламентаралық одақ, Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының төрағалары келіп, Қазақстанда демократиялық реформаларға оң баға берген болатын. Резолюцияны асығыс жасалған негізсіз шешім деп білемін.