«Орталық коммуникациялар қызметі» мемлекеттік мекемесінің директоры тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.