Бір ғана байланыс операторына байлануға болмайды – Үкімет

Жаңа тұрғын үй пайдалануға берілгенде бір ғана байланыс операторына байлану дұрыс емес. Сондықтан саладағы монополияны жою керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкіметте арнайы комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда құрылыс және тұрғын үй коммуналдық кешені, көлік, автожол және өнеркәсіп салаларындағы монополияны жою бойынша ұсыныстар қаралды. Болашақта жаңа тұрғын үйлерді салу және пайдалануға беру кезінде оған тартылатын ірі интернет-байланыс операторының монополиясын алып тастау көзделіп отыр. Ол үшін жаңа үйді салу кезінде бірнеше байланыс операторын тартуды міндеттеу ойда бар.