БҰҰ-ның бітімгершілік контингентіне 430 отандық әскери қызметші жіберілмек. LIVE

Бүгін Парламент қос палатасының бірлескен отырысында мәлім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Депутаттар БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясына отандық әскери қызметшілерді жіберу мәселесін қарады. 430 отандық әскери қызметшілерді жіберу мәселесі қаралды. Олар Орталық Афирка, Малиб, Конго мен Ливандағы бітімгершілік миссияға қатысады. Президенттің бұл ұсынысын ҚР қорғаныс министрі жеткізді. БҰҰ бітімгершілік контингент бірден емес, біртіндеп кезек-кезегімен жіберіліп тұрады. Бітімгерлер онда кәсіби дайындықтан өтеді. Тіл үйренеді әрі жыл сайын ротацияланбақ, яғни алмастырылып тұрады. Олардың арасында әскери қызметшілерден бөлек, әскери инженерлер, дәрігерлер мен заңгерлер бар.