Қазақстан мен Монако арасында бірінші консулдық консультациялар отырысы өтті

Қазақстан Республикасы мен Монако Князьдігі арасында консулдық консультациялардың бірінші отырысы бейне конференция арқылы өтті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, монегаск делегациясын Монако Сыртқы істер және ынтымақтастық министрлігінің Дипломатиялық және консулдық қатынастар баскармасының басшысы Мари-Катрин Карузо-Равера жетекшілік басқарды. 

Іс-шара барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар екі елдің дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы сұрақтарды көтерді.