Қ.Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Өткен 7 айда қаржы мониторинг агенттігі бюджет қаражатын жымқыру бойынша 132 іс тіркеді.

Бұл туралы ведомство басшысы Жанат Элиманов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру кезінде хабарлады.

Айтуынша, осы істер бойынша келтірілген залал сомасы 57 миллиард теңгеден асқан. Оның 53-і қазынаға қайтарылды. Жарты жыл ішінде мекеме мамандары көлеңкелі экономкиаға қарсы күрес жүргізгенде 33 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстаған. Табысты жасыру деңгейі 23-тен 19 процентке төмендеді. Сондай-ақ Элиманов Президентке рейдерлікке жол бермеу шаралары туралы баяндады. Коммуналдық тарифтер мен азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттату деректері де назардан тыс қалмады. Кездесу қорытындысы бойынша Президент бизнесті және ел азаматтарының  мүддесін қорғауға бағытталған бірқатар тапсырма берді.