Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі жалғасады

Құрылтайға қатысушылар діннің қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы рөлін талқылайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалған секциялық отырыстар «Білім мен діни ағартудың діндер мен мәдениеттердің сыйластықта қатар өмір сүрудегі орны мен әйелдердің қазіргі қоғамның әл-ауқаты мен тұрақты дамуына қосқан үлесі және әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы діни қауымдастықтардың рөлі» тақырыптарына арналған. Сонымен қатар Дін басшылары мен мемлекет қайраткерлерінің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, экстремизмге, радикализмге және терроризмге қарсы іс-қимылға қосқан үлесі жөнінде де айтылады.