АӨСШК VI саммиті. LIVE

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің географиялық ауқымы кеңейді. 1999 жылы оған небәрі 15 мемлекет мүше болса 2019 жылы 27 болған еді.

Бүгін қатарына Кувейт қосылып, 28 елді біріктіретін ықпалды күшке айналды. Алтыншы саммит осындай жаңалықтан басталды. Тағы қандай бастамалар көтерілді?

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Жиын Азияны ауызбірлікке шақырып, әлемдегі ықпалын арттыру, бар мүмкіндікті тиімді пайдалануға бағытталғаны белгілі. Оған барлық жағдай бар. Тек жұмыла білу керек. Жиында айтылған мына сандар сөзімізге дәлел болады. Мәселен, әлемдегі ең ірі 30 мегаполистің 21-і Азияда орналасқан. Халық саны да тығыз. Дүниежүзінің орта санаттағы тұтыну сомасы 30 триллион болса, соның басым бөлігі Азия елдерінің үлесінде. Табиғи байлықтың да түр-түрі бар және қоры мол. Тек соны ұтымды қолдану керек. Осы тұста Азиядағы іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің маңызы зор екені белгілі. Осыны ескерген Президент Қасым- Жомарт Тоқаев құрылымды толық халықаралық ұйым ретінде трансформациялап, институционалдық дамудың жаңа кезеңіне өтетін уақыт жеткенін айтты. Сондай-ақ кеңес эпидемиологиялық, фармацевтикалық және ақпараттық қауіпсіздік саласында да ынтымақтастықты арттыруы тиіс деді. Азық-түлік қауіпсіздігі өте маңызды.

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің үштен бірі Азия елдерінде өндіріледі. Бірақ үлестіргенде өзімізге жетпейтіні бар. Осыны шешу үшін жүк тасмалдаудың жаңа жолдарын қарастыру керек екені айтылды. Экономика да нызарадан тыс қалмайды. Осы тұста Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес аясындағы қаржы саммитін тұрақты алаңға айналдыруды ұсынды. Бұл салада жұмысты жандандыруға Астана қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалануға болатынын айтты.