Астанадағы саммит: әлем назары Қазақстанға ауды

Географиялық ауқымы кеңейіп, 28 елді бір ортаға тоғыстырған және өзінің арнайы қоры құрылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI саммиті түске дейін осындай тың бастамалармен өрбіді. Астанада өтіп жатқан ауқымды шараның қазір екінші бөлігі басталды. Күннің екінші жартысы қалай өтіп жатыр?

Талғатбек Әбдіқожа, тілші:

- Бүгін әлемнің назары Астанаға ауып тұр. Өйткені сол әлемді қалыптастыруға ықпалы бар бірқатар мемелекеттің басшылары елордада жүздесіп, ортақ проблемаларды талқылап жатыр. Саммиттің алғашқы бөлігінде бірқатар бастама көтерілді. Түйткілдерді шешудің жолдары айтылды. Олар жайлы жоғарыдағы материалда көрдіңіздер. Ал мен саммит сыртындағы жағдайға тоқталғым келіп тұр. Жиынға 50-ден астам делегация келді. 11 елдің президенті бар. Шет елдерден 200-ге жуық БАҚ өкілі келген. Мұндай ауқымды шара пандемиядан кейін кейінгі екі-үш жылдан бері алғаш рет өтіп тұр.  Сондықтан дайындық күшті. Көріп тұрсыздар, Қазақ Елі алаңы сүліктей қара көлікке толған. Мәртебелі меймандардың қауіпсіздігін қамту үшін Тәуелсіздік сарайы да айнала қоршалған. Есік алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұр. Жарты сағат бұрын саммиттің екінші жартысы басталды. Оған президенттер емес, елдің Сыртқы істер министрлері мен үкімет басшылары қатысып жатыр. Жиынға еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төрағалық етіп отыр. Мұнда да басты тақырып Азияда ауызбурлікті сақтап, бірлесе әрекет ету. Өйткені бірлік болмаса, берекелі тірлік болмайтынын бәрі түсініп отыр. Күннің екінші жартысындағы жиында қандай қорытынды жасалады, мұны біз алдағы жаңалықтар топтамасында айтамыз.