Алматыдағы сайлау учаскелерінде еxit poll жүргізілді 

Алматыдағы сайлау учаскелерінің жанында Exit poll сауалнамасы жүрді. Орталық сайлау комиссиясына сауалнама жасауға ниетті алты ұйым хабарлама берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол-зерттеу институттары мен орталықтар. Әрбір ұйымның өз мақсаты бар. Бірі «Бетпе-бет» сұқбат жүргізсе, басқалары жауаптарды талдайды, үшіншілері интернет арқылы сауалнама жасайды. Респонденттердің құпиялығы қатаң сақталды. Барлық ақпарат тек жалпылама түрде қолданылды. Exit poll нәтижелері сайлау учаскелері толық жабылған соң жарияланады.

Дамир Жақсыбеков, «Социс-А» КӘЗИ өкілі:

– Мен Кешенді әләуметтік зертеулер институтының атынан келдім. Бүгін сайлау бойынша Exit poll жүргіздік. Бұған дейін осындай сауалнаманы парламенттік сайлау кезінде жасаған едік. Біз сайлау учаскесінен шыққан барлық адамдардар кімге дауыс бергенін сұраймыз. Жұмысты таңғы жетіде бастап, кешкі сегізде аяқтадық.