Қ. Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос Президент кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Теріскейдегі көрші елмен дипломатиялық байланыс орнатқанымызға биыл - 30 жыл. Сапар аясында осы атаулы датаға орай декларация қабылданбақ.