Тоқаев Макронмен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Франция президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында қарсы алды.

Салтанатты рәсімнен соң қос мемлекеттің көшбасшылары екіжақты келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту жайы қарастырылады деп күтілуде. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті іскер топ өкілдерімен де  кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.