«Барыс» сырт айдында жеңіске жетті

Хельсинки қаласында жергілікті «Йокиритпен» жолығып, 1:4 есебімен басым түсті.

«Барыс» сапынан Фил Варон, Антон Сагадеев және Кертис Волк мергендігімен көзге түсті. Соңғысы дубльдің авторы атанды. Осылайша Юрий Михаилис баптайтын жігіттер турнир тізіміндегі орнын сақтап қалды және өзінің алдында тұрған командаға бір табан жақындай түсті. Қазір қазақстандық клуб еншісінде 53 ұпай бар. Енді «Барыс» сырт алаңдағы кездесулер сериясын жалғастырады. Ертең олар Мәскеуде жергілікті «Динамомен» кездеседі. Одан кейін 23 қаңтар күні Подольск қаласында болып, «Витязь» хоккей клубымен өзара мықтыны анықтайды.