417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конькиші Дмитрий Морозов әлем кубогі кезеңінің финалына шықты

  • 212
  • UPD: 23:46, 22.01.2021
Конькиші Дмитрий Морозов әлем кубогі кезеңінің финалына шықты

Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіру бойынша әлем кубогінің кезеңі басталды, деп хабарлады Olympic.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлер мен әйелдер арасындағы командалық бәсеке бойынша сайыстар өтті. Жарыс жолына ел құрамасы сапынан Демьян Гаврилов, Дмитрий Морозов, Надежда Морозова және Ольга Тихонова шықты. Нәтижесінде Дмитрий Морозов тиісті ұпай жинап, финалға жолдама алды.

Айта кетерлігі, әлем кубогі кезеңінің финалдық бәсекесі 23 қаңтар күні өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы