Зайнутдинов испаниялық командаға гол соқты

Ресейлік ЦСКА футбол клубы Испаниядағы оқу-жаттығу жиыны аясында жергілікті «Реал Мурсия» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп жазды Prosports.kz.

Матч 5:0 есебімен ресейлік команданың пайдасына шешілді. 

ЦСКА сапында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов гол соғып көзге түсті. Алаңға негізі құрамда шыққан отандасымыз ойынның 33-минутында есепті еселеді. 

Гол соққандар: Никола Влашич 8, Бактиер Зайнутдинов 33, Чидера Эджуке 60, Илья Шкурин 78, Тигран Аванесян 82.