Галышева фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңінде төртінші болды

Дир-Вэллиде (АҚШ) әлем кубогі кезеңі аясында параллель могул жарысы аяқталды. Қазақстандық Юлия Галышева төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшы жартылай финалда американдық Ханна Сордан жеңіліп қалып, үшінші орын үшін сынға түсуге мүмкіндік алды. Юлия Галышева қола медаль үшін Тесс Джонсонмен (АҚШ) бақ сынады. АҚШ өкілі Джонсон Юлия Галышевадан басым түскендіктен отандасымыз төртінші орынға ие болды.