Қазақстан Суперкубогының жеребесі тартылды

Футболдан 2021 жылғы Қазақстан Суперкубогының жеребесі тартылды, деп хабарлады Prosports.kz.

Турнирге былтырғы Қазақстан чемпионы («Қайрат»), чемпионаттың жүлдегерлері («Тобыл», «Астана») және біріншілікте 4-орын алған команда («Шахтер») қатысады.

Жеребе қорытындысына сай жартылай финалда қостанайлық «Тобыл» мен алматылық «Қайрат», қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Астана» кездеседі.

Жартылай финалдық кездесулер 2, 3 наурызда өтеді. Ал үшінші орын үшін матч 5 наурыз, финал 6 наурызға жоспарланған. Барлық ойын Түркістан қаласында өтеді.