Қоңқабаев Алматыдағы титулды жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты

Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2КО) пен оның қарсыласы украиналық Сервер Эмурлаев (23-1, 9КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, деп жазды Prosports.kz.

Қоңқабаев та, Эмурлаев та бірінші ауыр салмақтың шегінен сәтті өтті (90,7 кг). Таразыға түскеннен кейін қарсыластар дәстүрлі көз түйістіру рәсімін өткізді.

Қоңқабаев – Эмурлаев кездесуі 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі болады.

Бастапқыда 29 жастағы қазақстандық солтүстік ирландиялық Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасады деп жоспарланған. Бірақ ол жеке себептер бойынша жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.

Сондай-ақ...