UEFA чемпиондар лигасының 1/4 финалдық жеребесі тартылды

Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Еуропа Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ағылшынның «Манчестер сити» клубы Германияның «Боруссия Дортмунд» командасына қарсылас атанды. «Порту» «Челсимен», «Бавария» «ПСЖ» командасымен кездеседі. Мадридтің «Реалы» «Ливерпульмен» ойнайды. Алғашқы матчтар сәуірдің 6-сы мен 7-не жоспарланған.