Зоя Кравченко стенд атудан әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды

Бұл күндері Үндістанның Нью-Дели қаласында нысана көздеу және стенд ату спортынан лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтуде деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бүгін стенд атудан «скит» бағдарламасы бойынша қазақстандық Зоя Кравченко күміс медаль жеңіп алды. Кравченко финалда британдық Эмбер Хиллден ұтылды. Ал қола медальді Үндістан спортшысы иеленген. 

Ақтық сында жалпы есебі алты спортшы бақ сынады. 

Айта кетелік, пневматикалық тапаншамен 10 метрге нысана көздеуден Эльдар Иманқұлов финалда өнер көрсетіп, 7-орынға табан тіреген болатын. Нью-Делидегі әлем кубогі кезеңі 29 наурызға дейін жалғасады.