Данияр Елеусінов алдағы жекпе-жегіне дайындықты бастады

Олимпиада чемпионы әлеуметтік желіге жаттығу барысынан сурет жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әдетте маңызды айқас алдында спортшылар ширығу үшін өзге елге аттанатын. Бұл олардың бөгде жайттарға алаңдамай, тез бабына келуі үшін керек дейді мамандар. Ал Данияр елде жүрсе де, жаттығуға қызу кіріскені байқалады. Бокс кеші 8 мамырда өтеді. Айқас Сауль Альварес пен Билли Джо Сондерс жекпе-жегімен қосарласа өтеді. Қазақстандық боксшысының қарсыласы ресейлік Давид Аванесян болуы мүмкін екені айтылды.

Еске сала кетейік, Данияр соңғы рет былтыр күзде АҚШ-та әлемнің экс чемпионы, намибиялық Джулиус Индонгомен жұдырықтасты. Жерлесіміз оны екінші раундта-ақ сұлатып, жартылай орта салмақтағы IBF Inter-Continental титулын жеңіп алды.