Дзюдодан Азия чемпионатында үш балуан қола жүлдені сарапқа салады

Бішкекте дзюдодан Азия чемпионатының екінші жарыс күні өтіп жатыр.

Olympic.kz жарыстың іріктеу кезеңінің нәтижесін ұсынады. Қазақстандық спортшылар жарыстың екінші күнінде финалға шыға алмады. Үш салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары қола жүлдені сарапқа салады. 

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: 

Жансай Смағұлов – Виктор Сквортов (БАӘ)

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесі: 

Дидар Хамза – Саид Моллаеи (Моңғолия)

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі (әйелдер):

Зере Бектасқызы – Сяоцянь Сунь (Қытай)

Іріктеу сынынан іркілгендер: Руслан Мусаев (жұбаныш белдесуінде Дидар Хамзаға есе жіберді), Иоланта Бердібекова (жұбаныш белдесуінде өзбекстандық Фарангиз Ходжиевадан ұтылды). Финалдық кезең елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады.