Алматыдағы Азия чемпионатына қатысқан кореялық алты балуан COVID-19 жұқтырды

Күрес түрлерінен Алматыда өткен Азия чемпионатына қатысқан Оңтүстік Корея құрамасының жеті мүшесінен коронавирус анықталды.

Бұл тізімде алты балуан мен бапкер бар, деп хабарлады Prosports.kz Insidethegames.biz сайтына сілтеме жасап.

«Бес балуан мен бапкер Оңтүстік Кореяға оралды, ал алтыншы спортшы Қазақстанда қалды, өйткені ол келесі аптада Болгариядағы сайыста өнер көрсетпек. Бұл елде 6-9 мамырда әлемдік іріктеу турнирі өтеді. Вирус жұқтырғандардың ешқайсында симптом қатты білінбеді. Оңтүстік Кореяға қайтқандар оқшауланды», - делінген сайтта.