«Реал» Серхио Рамосқа қатысты бір шешімге келді

Мадридтік «Реал» команда капитаны Серхио Рамостың кеткенін хабарлады. Бүгін, 17 маусымда клуб президенті Перестің қатысуымен қоштасу баспасөз мәслихаты өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ромостың «Реалмен» арадағы келісімшарты биыл 30 маусымда аяқталады. Мұның алдында тараптар оны созу туралы келіссөз өткізген. Алайда ойыншы еңбекақыны төмендетуге келіспеген (сыбыс бойынша 12 миллион еуродан 10-ға) және екі жылдық келісімшарт сұраған. Клуб басшылығы ойлануға уақыт алып, бір шешімге келген сияқты.

Еске салайық, 35 жастағы Рамос «Реал» сапында 2005 жылдан өнер көрсетіп келеді. Мадридтік командамен ол бес рет чемпион атағын, төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Бұл ішкі жарыстарды есепке алмағанда.