EURO-2020: турнирдің жетінші күні алаңға кімдер шығады

17 маусымда және 18 маусымға қараған түні Румынияда, Копенгагенде және Амстердамда футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі 2-тур матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын күні Румынияда басталады, мұнда Украина мен Солтүстік Македония құрамалары кездеседі. Екі команда да алғашқы матчында жеңіліп қалды, сондықтан бүгін алғашқы ұпайы үшін матч өтеді. Украина - Солтүстік Македония матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 18:50-де басталады.

Копенгагенде Паркен стадионында Дания мен Бельгия құрамалары кездеседі. Матч қонақтары В тобының турнир кестесінде көш бастап тұр, Дания соңғы орында. Трансляция Қазақстан астанасы уақытымен 21:50-де басталады.

С тобындағы 2-турдың тағы бір матчында Нидерланд мен Австрия құрамалары кездеседі. Нидерланд - Австрия матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен 00:50-де басталады.