Қазақстан таеквондодан халықаралық турнирде 9 медаль жеңіп алды

Ливан астанасы Бейрутта таеквондодан «Beirut Open G2» халықаралық жарысы өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан таеквондо құрамасы аталған жарысты екі алтын, төрт күміс және үш қола жүлдемен аяқтады. 

Ел құрамасы сапынан Самирхон Абубакиров (54 кг) пен Ақсәуле Ерқасымова (+73 кг) топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды. Бауыржан Хасенов (+87 кг), Жансель Дениз (73 кг), Жасурбек Исраилов (58 кг) және Әділет Базарбаев (63 кг) құрама қоржынын төрт күміспен толықтырды. 

Ал Самат Темірхан (54 кг), Нұрқанат Қожахмет (74 кг) пен Смайыл Дүйсебай (87 кг) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.