«Тур де Франс»: Алексей Луценко үздік ондықтағы орнын сақтап қалды

«Тур де Франс» көп күндігінің 15-кезеңі аяқталды. Кезекті кезеңді қазақстандық Алекцей Луценко мәре сызығын 27-ші болып кесті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Велошабандоздар Сере до Андорра-ла-Велла аймағында 190 км қашықтықты бағындырды.

Jumbo - Visma мүшесі Сепп Кусс мәреге бірінші болып жетті. Movistar Team өкілі Алехандро Вальверде екінші болса, Bahrain Victorious велошабандозы Ваут Пулс үшінші орыннан көрінді. 

Луценко жалпы есепте үздік ондықтағы орнын сақтап қалды. Қазіргі таңда отандасымыз жетінші орында. UAE Team Emirates спортшысы Тадей Погачар көш бастап тұр.