Ғ.Кенжебаев: Боксшылар жауапкершілікті түсінеді

Боксшыларымыздың 69 келідегі жеңіс жолы жалғасуы қажет.

Сондықтан Абылайханға Жүсіповке үлкен үміт артылады. Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев іріктеу кезеңдері алдында баспасөз мәслихатын өткізіп, спортшыламыздың бабы жайында айтып берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кім-кімнің де қарсыласы осал емес. «Жеребе нәтижесіне сәйкес жоспар құрып, шаршы алаңға шығамыз», дейді. Әсіресе, орта салмақтардағы Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл және 91 келідегі қазіргі әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетовтарға ерекше тоқталды.

Ғалымбек Кенжебаев, Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:

- Бақ шаба ма, бап шаба ма дейді ғой енді. Әрине, оңай емес, оңай жекпе-жектер болмайды. Бірақ жігіттер дайындығы жақсы. Барлығы аман-сау.

Жоспар әрине, өзіміздің ойымызда бар. Әрбір спортшының мақсаты бар. Әр спортшы үлкен жетістікке лайық. Дайындық жақсы. Бәрін ринг көрсетеді ғой.

Ғалым Кенжебаев жігіттерде жарақат жоқтығын және әзірлікке барлық жағдай жасалғанын алға тартты. Ұлттық құрамада кіл тәжірибелі жігіттер. Сондықтан психологиялық дайындыққа қатысты да мәселе жоқ. Керісінше, боксшылар соңғы Азия чемпионатында кеткен есені қайтаруға тырысады. Ал, 91 келдегі Василий Левитке қатысты жағдайды әлі көпшілік ұмыта қойған жоқ. «Сондықтан ол да аянып қалмайды», - деді бас бапкер.

Ғалымбек Кенжебаев, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:

- Василий Ридоғыдай финалға жетсе, ары қарай көре жатармыз. Ол сұрақ қайта-қайта қойыла береді. Әрине, балалар өздері біледі жауапкершілікті. Түсінеді. Ел алында барлық күшін салады. Намысты қолдан бермейді деген үмітіміз бар.

Сондай-ақ...