Путинцева Сан-Хоседегі турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Сан-Хоседегі (АҚШ) WTA сериялы турнирінің екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 1/16 финалда Хорватия өкілі Донна Векичтен басым түсті. Кездесу 5:7, 3:6 есебімен аяқталды.

Матч ұзақтығы 1 сағат 37 минут болды.

Турнирдің 1/4 финалына шығу үшін Путинцева Исла Томлянович (Австралия) - Аманда Анисимова (АҚШ) матчының жеңімпазымен ойнайды.