Қ.Сәтжанов: Жастардың бабын бақылаймыз

«Алдағы олимпиадада кемінде 3-4 алтын алып, жалпы есепте топ бастау қажет». Бокстан күні кеше ұлттық құраманың бас бапкерлігіне тағайындалған Қайрат Сәтжанов өз жоспарларымен бөлісті.

Алдымен Ақтауда өтетін халықаралық турнирге, одан кейін қазан айының соңында әлем чемпионатына баратындарын айтты. Бұл жарыстарға Токио ойындарына барған жігіттер қатыспайды. Бізде резерв бар.

«Жастардың бабын бақылаймыз», – дейді бас бапкер. Ал негізгі мақсат – 2024 жылы Париж олимпиадасының жалпыкомандалық есебінде бірінші орын алу деп сөзін түйіндеді.

Айта кетейік, Қайрат Сәтжанов бұған дейін бокстан еліміздің жасөспірімдер және жастар құрамасын жаттықтырды. Енді ересектер құрамасының тізгінін алып отыр. Бұған дейін бұл қызметті Ғалымбек Кенжебаев атқарған. Ол өз еркімен қыметінен кетті.

КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫНДЫҚ

Ал футболдан ұлттық құрамамыз қазір Босния және Герцоговина еліне жетіп, соңғы дайындығын пысқытап жатыр. 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында олар жергілікті командамен жолығады. Матч елорда уақытымен бүгін түнгі 00:45-те басталады. Өкінішке қарай, бұл кездесуге алматылық «Қайрат» қорғаушысы Нұралы Әліп пен қостанайлық «Тобылдағы" жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиев қатыспайды. Олар виза рәсімдеп үлгермеген. Бұдан бөлек Марат Быстров, Абат Айымбетов және Руслан Валиуллиндер жарақат алды. Олардың алаңғы шығу-шықпауы әзірге белгісіз. Ал, бас бапкер Талғат Байсуфинов матч алдындағы баспасөз мәслихатында жеңіске жетуге мүмкіндік барын айтты. Ең бастысы – жоспарды мүлтіксіз орындау қажет дейді. Айта кетейік, бірер күн бұрын ұлттық құрама Финляндиямен жолып, 1:0 есебмен есе жіберген. Осылайша 4 ойыннан кейін 2 ұпаймен өз тобының соңғы сатысында тұр. Алдағы қарсыласымен ұпай көрсеткіші тең. Бірақ, олар бір ойын кем өткізді.

ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ОЙЫНДАРЫ

7 алтын, 15 күміс және 28 қола. Қазақстан құрамасы бүгінге дейін осынша жүлде жеңіп алды. Дәл қазір Қазан қаласында ТМД елдерінің ойындары өтіп жатыр. Айта кету керек, бұндай форматтағы жарыс алғаш рет қолға алынып отыр. Оның аясында 9 елдің құрамасы 16 спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Осыған дейін күрес түрлері оқ ату және бокс бағыттары бойынша чемпиондар анықталды. Мәселен, бокстан 4 алтынымыз бар. Тағы қос алтынды белбеу күресінің шеберлері әкелді. Оқ атудан қазақстандық Арина Алтухова да чемпион атанды. Осылайша 7 алтынмен ұлттық құрама әзірге жалпы есепте 3-ші тұр. Топ басында Ресей мен Өзбекстан спортшылары. Алда әлі 5 жарыс күні бар. Қазандағы ойындардың жалпы қорытындысы 11-ші қыркүйекте белгілі болады.

Сондай-ақ...