425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Astana Open: Александр Бублик жартылай финалға шықты

  • 88
  • UPD: 23:39, 24.09.2021
Astana Open: Александр Бублик жартылай финалға шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Astana Open ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы жарыстың екінші ракеткасы А.Бублик ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 117-орында тұрған испаниялық Карлос Табернермен күш сынасты.

Бірінші партия барысында брейк жасаған қазақстандық теннисші сол басымдылығын сақтап қалды - 6:3.

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Бублик тағы да брейкке қол жеткізіп, матчты жеңіспен түйіндеді - 6:4.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке Бублик 17 эйс жасаса, қарсыласы төртеуден аса алған жоқ.

А.Бублик финалға шығу үшін әлемнің 82-ракеткасы, оңтүстік кореялық Квон Сун Вумен таласады. Ол ширек финалда әлемнің 49, доданың 7-ракеткасы, сербиялық Ласло Дьерені 7:6 (7:4), 2:6, 6:0 есебімен ұтты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Остравада, Astana Open турнирінде А.Бубликтің ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз. А.Голубев пен А.Недовесов жартылай финалға шыға алмады.

Хабар 24 телеарнасы