«Тұран» бас бапкері қызметінен кетті

«Тұран» бас бапкері Әбдіхалық Бөрібаевтың денсаулығына байланысты берген жұмыстан кету туралы арызы қанағаттандырылды, деп хабарлайды Хабар 24 Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бөрібаев команданың тізгінін үш маусым бойы ұстады. Оның қол астында команда Екінші лигадан Біріншіге, артынша Қазақстан чемпионатына жолдама алды.

Сондай-ақ командадан Кулдош Ешжанов пен Фархадбек Ирисметов өз еркімен кетті.

Премьер-лигада «Тұран» маусымға қойылған мақсатты орындауға жақын: маусым соңына дейін қалған 5 турда түркістандық команда 12-орында тұр. «Қайсар» командасынан 5 ұпай алда келеді.