Кебіспаев – әлем чемпионатының жүлдегері

Норвегияда күрес түрлерінен дүниежүзілік дода аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарыстың соңғы күндері классиктер белдесті. Жерлестеріміз арасынан 67 келідегі Алмат Кебіспев қана жүлдеге ілікті. Ол іріктеу сындарында Беларусь және Норвегия спортшыларын ұтты. Ал жартылай финалда ресейлік Назир Абдуллаевқа есе жіберді. Бірақ қола медаль үшін таласуға мүмкіндік алған

Үшінші орын үшін күресте түрік палуаны Мурат Фиратпен жолыққан. Тартысты өткен белдесу 7:4 есебімен аяқталды. Осылайша Алмат – ұлттық құрама сапынан жеңіс тұғырына көтерілген алғашқы және жалғыз спортшы.

Айта кетейік, Алмат 2019 жылы да әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Ол кезде 63 келіге дейінгі спортшылар арасында өнер көрсетті.