Луценко халықаралық жарыс жеңімпазы атанды

Италияның таулы қыратты аумағында Уго Агостони кубогы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 1946 жылдан бері тұрақты өткізіліп келе жатқан бір күндік бәсеке. Оның жарыс жолы 180 шақырымды құрайды. Ұлттық құраманың үздігі әрі «Астана» командасының мүшесі Алексей Луценко аталған аралықты 4 сағат 19 минут 44 секундта бағындырды. Екінші болып мәре сызығын Маттео Трентин кесті. Қазақстандық және италиялық шабандоздардың уақыт көрсеткіші шамалас. Арасы 1 секундқа да жетпейді. Ал үшінші орын тағы бір италиялық Алессандро Ковиге бұйырды. Ол жерлесімізден 12 секундқа қалып қойды.