Головкин келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр

IBF және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне дайындықты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

GGG-дің физикалық дайындық бойынша жаттықтырушысы Кристофер Камачо инстаграм парақшасында боксшымен бірге түскен жаңа суретін жариялады.