430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еуропаның 10 футбол қауымдастығы ФИФА-дан шығуға дайын екенін мәлімдеді

  • 223
  • UPD: 14:23, 21.10.2021
Еуропаның 10 футбол қауымдастығы ФИФА-дан шығуға дайын екенін мәлімдеді РИА Новости

Еуропаның 10 футбол қауымдастығы ФИФА-ның әлем чемпионатын екі жыл сайын өткізу жоспарынан соң ұйым құрамынан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді.

ФИФА 2026 жылдан бастап әлем чемпионатын әр екі жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Ұйым құрамына кіретін қауымдастықтарға бұл ұсынысын жеткізген. Жарысты құрамалардың жаңа күнтізбесіне сай енгізбек.

Алайда Дания, Швеция, Норвегия, Финляндния, Исландия және Фарер аралдары бұл шешіммен келіспейтінін білдіріп, әйтпеген жағдайда ұйымнан шығуға дайын екенін мәлімдеді.

Жоспар бойынша, халықаралық жарыстардың іріктеу кезеңі қысқарып, футболшылар ұлттық құрама сапында жылына 30 күнге жуық қана болады.

Хабар 24 телеарнасы