Асыл Айтақын – еркін күрестен әлемдік сынның қола жүлдегері

Сербияның Белград қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды «Хабар 24» Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Асыл Айтақын турнирдің қола жүлдегері атанды. 

Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол Венгрия өкілі Гамзадгаджи Халидовпен кездесіп, 3:3 есебімен тең түсті. Алайда, төрешілер әдіс сапасы бойынша жеңісті Асылға берді. 

Айта кетелік, аталған сында грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды. Өкінішке қарай, «классиктерде» жүлде жоқ.