434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Ақтөбенің» 19 жастағы ойыншысы ресейлік клубқа ауыса ма?

  • 108
  • UPD: 22:24, 09.11.2021
«Ақтөбенің» 19 жастағы ойыншысы ресейлік клубқа ауыса ма?

«Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев мәскеулік «Спартак» 19 жастағы жартылай қорғаушы Максим Самородовқа қызығушылық танытты деген ақпаратқа пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Мен «Спартактың» Максим Самородовқа қызығушылық танытып отырғанын БАҚ-тан білдім. Клубқа ешкім хабарласқан жоқ. Мен «Ақтөбеде» биыл мамыр айынан бері жұмыс істеп жүрмін: осы уақыт аралығында «Спартактан» ешкім бізбен байланысқа шыққан жоқ», – деді Жамантаев.

Айта кетейік, бұған дейін «Ақтөбе» және Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы мансабын РПЛ-да жалғастыруы мүмкін екені хабарланған.

Футболшыға мәскеулік «Спартак» назар аударып отыр. Ойыншының «Ақтөбемен» қазіргі келісімшарты желтоқсан айында аяқталады. Максим Самородовтың болашағы туралы шешім жаңа жылға дейін қабылданады.

 

Хабар 24 телеарнасы